Елімізде 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр

06.10.2024

Республикалық референдумда ел және шетелде 10 мың 325 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдум бүгін таңғы сағат 7.00-ден кешкі 8-ге дейін өтеді. Ел азаматтары өздері тіркелген учаскеге барып дауыс бере алады. Республика бойынша құрылған сайлау учаскелерінің санына тоқталсақ: Түркістан облысында дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны ең көп үштікке кіреді, мұнда ең көп, яғни, 945 референдум учаскесі жұмыс істейді. Одан кейін Ақмола облысында - 765, Қостанай 736, Алматы қаласында 624 учаске құрылған. Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Ал, Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылған. Онда учаскелік комиссиялар заңға сәйкес жұмыс істейді.

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ САНЫ

БҚО 496 референдум учаскесі

Атырау облысы 274 референдум учаскесі

Маңғыстау облысы 250 референдум учаскесі

Ақтөбе облысы 530 референдум учаскесі

Қостанай облысы 736 референдум учаскесі

Қызылорда облысы 380 референдум учаскесі

СҚО 591 референдум учаскесі

Ақмола облысы 765 референдум учаскесі

Ұлытау облысы 132 референдум учаскесі

Түркістан облысы 945 референдум учаскесі

Шымкент қаласы 344 референдум учаскесі

Павлодар облысы 520 референдум учаскесі

Астана қаласы 352 референдум учаскесі

Қарағанды облысы 650 референдум учаскесі

Жамбыл облысы 508 референдум учаскесі

Алматы облысы 643 референдум учаскесі

Алматы қаласы 624 референдум учаскесі

ШҚО 538 референдум учаскесі

Абай облысы 474 референдум учаскесі

Жетісу облысы 463 референдум учаскесі

Хабарламаларға жазылу