Жетісуда саятшылар әулеті өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісуда саятшылар әулеті өз таңдауын жасады

06.10.2024

Жетісу облысындағы Текелі моноқаласында саятшылар әулеті өз таңдауын жасады. Өмірінің басым бөлігін қыран баптап, тазы жүгіртуге арнаған Бүркітбай Файзолла, өз отбасымен тіркелген учаскесіне келді.

Дәстүр бойынша қолдарына бүркіт, сұңқарларын ұстап, тазыларын жетектеп, осындай бір жауапты кезеңде ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, конституциялық құқықтарын пайдаланды.

Айта кетейік бүркітші Бүркітбай 30 жыл бұрын Моңғолиядан атамекенге қоныс аударды. Содан бері кеншілер қалашығында саятшылық өнерді дамытып келеді.

Бүркітбай Файзолла, Текелі қаласының тұрғыны:

Жалпы осы референдум болсын, басқа да сайлау алды дауыс беру шаралары болсын, әр Қазақстан азаматының дауысы маңызды. Сондықтан осыған біз өзімізше атсалысып жыл сайын қатысып тұрамыз. Бұл еліміздің Президентіміз айтпақшы халқын тыңдайтын, елін тыңдайтын Үкімет деген жаңа Қазақстанның қағидасы.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу