Алматы облысында 103 жастағы кейуана дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 103 жастағы кейуана дауыс берді

06.10.2024

Алматы облысы Кеген ауданында 103 жастағы алтын құрсақты ана референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ұлының сөзінше, кейуана қарттығына қарамастан еліміздегі барлық маңызды оқиғаларға бей-жай қарамайды.

Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны 12 ұл-қызынан 39 немере, 73 шөбере мен 7 шөпшек сүйіп отыр. 

Айта кетсек, өңірде бір миллионға жуық дауыс беруші бар. 643 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

Хабарламаларға жазылу