«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумда дауыс берді. Оның айтуынша, бұл маңызды шараға қатысу – әр адамның азаматтық міндеті, патриотизмнің айқын дәлелі. Бұдан бөлек ол, түпкі шешімді азаматтардың өзі қабылдауға тиіс екенін атап өтті.
Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы:
Бүгінгі референдум алғаш рет елімізде өтіп жатыр, біз отбасымызбен келіп таңдауымызды жасадық. Жалпы осы референдум арқылы Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатында іске асып жатқандығын толық көруге болады.
Аида Ахметбек