Мәулен Әшімбаев: Референдум - Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Референдум - Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев та референдумда өз таңдауын жасады. Елордадағы нөмірі 164-ші дауыс беру учаскесінде болды. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында «Осы референдум - Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам» деп атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

«Осындай ауқымды, маңызды іс-шараларда халықтың пікірін естіп, ескеріп мемлекеттік органдар шешімдер қабылдайтын болса, біз барлық мақсатқа жетеміз. Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырамыз. Сол себепті бүгінгі референдумда қазақстандықтардың даусы беруі өте маңызды».

Азамат Әшімбаев


Хабарламаларға жазылу