Президент: Халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс беру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс беру керек

06.10.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді. Ол Астанадағы нөмірі 211-ші учаскеде өз таңдауын жасады. Содан кейін журналистер сұрағына жауап берді.

Президент пікірінше көпшілік АЭС салуды қолдаған жағдайда, станция құрылысымен ең озық технологиялары бар халықаралық консорциум айналысуы керек. Бұл оңай мәселе емес, үкімет талдау жасап, тиісті келссөздер жүргізуі керек, деді. Сонымен қатар осындай маңызды мәселелер халықтың дауысы беруі арқылы шешілуі керектігін айтты.

- Сұрақ референдумнан не күтесіз?

Қасым-жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін тағдыршешті ойға келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса біздің халқымыз үшін, еліміз соғұрлым жақсы болады деп ойлаймын. Себебі халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс беру керек. Сондықтан мен референдумды қолдаймын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу