Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен Қырғыз Республикасының Қоғамдық Телерадиотарату корпорациясының Бас директоры Илим Карыпбеков серіктестік туралы меморандумды бекітті.
Құжатқа Бішкекте өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның сериалдық өнімдерін таныстыру аясында қол қойылды.
Шараның мақсаты – Қазақстан және Қырғызстан арасында меншікті кино және телехикая өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыру.
ҚР Үкіметінің қолдауымен «Қазақстан» телеарнасы жылдан-жылға отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді. 2009-жылы алты бөлімді «Ағайынды» драмасы өндірілді. Бүгінгі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген түрлі жанрдағы 62 телехикая көрерменге жол тартты. Олардың арасында ең танымалдары - «Ағайынды», «Көк тарландары», «Сырғалым», «Аяулы арман», «Әке», «Іңкәр жүрек».
Бішкектегі шараға Қырғыз Республикасының 14-тен астам телеарнасы қатысты.