Алматы облысындағы Үлкен ауылы тұрғындарының белсенділігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Үлкен ауылы тұрғындарының белсенділігі жоғары

06.10.2024

Алматы облысындағы Үлкен ауылының тұрғындары да референдумға келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Елді мекендегі дауыс берушілер үшін №332 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңнан бастап ауылдың 200-ге жуық тұрғыны дауыс берді. Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы дауыс берушілерді қабылдауда.

Болаттай Рахимов, Үлкен ауылының тұрғыны:
Өзімнің ойымды білдіруге келдім. Бұл біздің болашағымыз. Өзім осы ауылда 21 жыл әкім болдым. Сонау 99 жылдан бері бұл әңгіме басталып келе жатыр. Мен ойлаймын, бұл біздің болашағымыз.
Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу