ТМД және Орталық Азияда АЭС салу мәселесі бойынша референдум алғаш рет өтіп жатыр. Осылай деген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде жасады. Оның сөзінше, бүгін өте маңызды күн, еліміздің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өз дауысын бере алады.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі Орталық Азияда осындай мәселе бойынша референдум өткізіп отырған алғашқы мемлекетпіз. Бұл негізі көп нәрсені аңғартады.
Асылбек Данияр