Шымкентте дауыс берушілер саны 21 мыңға дейін көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте дауыс берушілер саны 21 мыңға дейін көбейген

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Референдумда Шымкент қаласының жұртшылығы да ерекше белсенділік танытып жатыр. Өйткені мегаполис халқы елдің келешегіне, өсіп-өркендеуіне тікелей әсер ететін шешуші сәтте өз таңдауын білдіріп қалуға мүделлі. Учаскелердегі дауыс берудің барысын меншікті тілшіміз Ғани Қалмахановтан білсек. Ғани, сіз эфирдесіз.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Мегаполис мәртебесіне ие қала жұртшылығы қай кезде де саяси-қоғамдық шараларға бей-жай қараған емес. Шымкент қаласындағы референдум учаскелерінде дауыс беруге келіп жатқан азаматтардың қатары көбейіп келеді. Олардың барлығы да еліміздің болашағы мен дамуына тікелей әсер ететін жауапты шешім қабылдауға ынталы.

Таңертеңмен ертелеп референдум учаскесіне келген Нұрсұлтан Қазақбаев та қатарластарымен бірге бүгін өз таңдауын жасады. Жоғары оқу орнында білім алып жатқан ол болашақ энергетик маман. 4-ші курста оқиды. Ілияс, бүгінгі референдум ел болашағы үшін қаншалықты маңызға ие деп ойлайсың?

Нұрсұлтан Қазақбаев, студент:

«Бүгін дауыс беру арқылы мен өзімнің және еліміздің болашақ бағдарын айқындадым».

Ғани Қалмаханов, тілші:

Жалпыхалықтық референдумға байланысты Шымкент қаласында 344 дауыс беру учаскесі жасақталған. Оның ішінде 23-і емхана, тергеу иззоляторы, қарттар үйі және әскери бөлімдерде орналасқан жабық учаскелер. Мегаполис тұрғындарының 660 мың 563-і дауыс беру құқығына ие. Олардың қатары былтыр наурыз айында өткен Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауымен салыстырғанда 21 мың-ға жуық адамға көп.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу