Бүгінгі референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалайды. Олар Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция, Ресей, Испания, Қытай, Беларусь, Грузия, Жапония сынды 30 мемлекеттен келген өкілдер. Одан бөлек, 4 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады. Бұл қатарда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттерінің ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Сондай-ақ референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар таратады.
Самал Қабышева