Батыс Қазақстан облысында ұстаздарға грант берілді
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында «Ұстаз – ұлы тұлға» атауымен өткен салтанатты іс-шарада мұғалімдерге құрмет көрсетілді. Шәкірт пен ұстаздың диалогынан құрылған сахналық көрініс көпшілікке ой салды. Шағын қойылымда адамның тұлға болып қалыптасуындағы мұғалімнің орны мен қадір-қасиеті баяндалды. Ауданда барлығы 34 мектепте 1300-ден астам педагог еңбек етеді. Салтанатты шарада 40 жыл еңбек өтілі бар ардагер ұстаздар мен сала үздіктері, министрдің алғыс хаты, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық конкурс қорытындыланып, жүлдегерлерге грант берілді. Ән-күйден шашу шашылып, өнерпаздар ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Айгүл Сәрсенова, Ақсуат орта мектебінің мұғалімі:
Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Оқу-ағарту министрінің «Құрмет» грамотасына ие болдым. Осылайша жыл сайын ұстаздар еңбегі лайықты бағаланып, қолдап жатады. Ұстаздар атынан алғыс айтамын.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09