Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығын 7 қалада атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығын 7 қалада атап өтеді

04.10.2024

Қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдық мерейтойы Қазақстанның 7 қаласында аталып өтеді. Соның бірі бүгін Елордада ұйымдастырылды. «Нұртас Оңдасынов: Тарих және Тұлға» тақырыбында өткен жиында тілші-ғалымның елге сіңірген ерен еңбегі баяндалып, қонақтарға деректі фильм ұсынылды. Айта кетейік, Оңдасынов 1954-55 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы болған. Ол аудан мен облыстарда мұғалімдерді даярлайтын курстар мен институт ашып, Абайдың 100 жылдық мерейтойын жоғары дәрежеде өткізген.

Серік Тәукебаев, «Нұртас Оңдасынов» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы:

Маңыздылығы біздің қоғамға, әсіресе мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру үшін осындай тұлғаларды үлгі ету керек. Мемлекеттік қайраткерлердің ішінде Оңдасыновтың орны бөлек. Өйткені Қазақстанға сіңірген еңбегі өте көп. Қазақстандағы қоғам Нұртас Оңдасыновтың есімін насихаттап, келешекте ұлықтауымыз керек.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу