Еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін ең қажетті ресурс – энергия. Ал оның ішіндегі ең тиімдісі атом энергетикасы. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтында «Қазақстандағы атом энергетикасы: сараптамалық пікірлер мен стратегиялық шешімдер» тақырыбында өткен жиында айтылды. Бас қосқандар АЭС-тің әлем экономикасына тигізіп жатқан пайдасы туралы сөз қозғады. Сонымен бірге атом энергиясын пайдаланудың ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты негізгі аспектілерді талқылады.
Ерділда Таутенов, экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары:
Бұл саланың басқа салаларға мультипликативті әсері 3-тен кем емес екен. Жаңағы мультипликативтік эффект деп жатқанымыз, яғни барлық салаға өзінің әсерін тигізіп, энергетика саласымен қоса салалар дамиды деген сөзі. Ғылым дамиды, жаңа жұмыс орындары пайда болады, халықтық табысы артады деген жанама әсерлері бар.
Асылбек Данияр