Бельгияда 200-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда 200-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс береді

04.10.2024

АЭС салу мәселесі бойынша референдумға Қазақстан азаматтары шетелде де қатыса алады. 6 қазан күні 61 шет мемлекетте 76 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Қазақстан елшіліктері мен консулдықтары жанынан құрылған учаскелерде қазір саяси науқанға соңғы әзірлік жұмыстары жүріп жатыр. Брюссельдегі №373 референдум учаскесінде 200-ге жуық отандасымыз дауыс береді деп күтілуде. Дені дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен түрлі халықаралық ұйымдарда, компанияларда жұмыс істеп, сонда уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары.

Гаухар Тұрсынова, №373 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы:

Елшілік Бельгия мен Люксембургте уақытша және тұрақты тұрып, жұмыс істеп жатқан ел азаматтарына референдум жайлы әлеуметтік желілер, сайттар және қазақстандық студенттердің қауымдастығы арқылы хабарландыру жасады. Люксембургтегі Отандастарымыз да Брюссельге келіп, дауыс бере алады. Консулдық қызметте қазір 200-дей адам тіркеуде тұр.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу