Самарқан қаласында азаматтық қоғам қалыптастыру жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самарқан қаласында азаматтық қоғам қалыптастыру жайы талқыланды

04.10.2024

Халықтың өмір сапасын арттырудағы жергілікті қауымдастықтың рөлі. Өзбекстанның Самарқан қаласында осындай тақырыпты қамтыған халықаралық жиын өтті. Мақсат –махаллалар институты мен оның даму тәжірибесімен бөлісу. Конференцияға 50-ге тарта елден сарапшылар мен беделді халықаралық ұйым өкілдері келген. Арасында қазақстандық мамандар да бар. Жиында өзін-өзі басқару, кедейшілікті азайту, жастар саясаты, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жан жақты талқыланды. Махаллаларда кәсіпкерлікті кеңінен енгізу тәжірибесі де сөз болды. Елімізден барған делегация өкілдері мықты азаматтық қоғам қалыптастыруда бауырлас елден үйренер тұсымыз мол дейді.

Сарқытбек Молдабай, «Ошақ» тұрақты даму орталығы ҚБ директоры,заңгер:

Қылмыс жоқ, ажырасу басқа да бүліншіліктер жоқ, сонда біздің мемлекеттік қызметкерлер кішкене босап қалады. Үлкен эффект беріп жатыр. Сондай бізде де болу керек деп ойлаймын.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу