Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумға толық дайын. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады. Науқанда 30 мемлекеттен келетін 177 байқаушы болады. Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей федерациясы, Өзбекстан елдерінен 74 бақылаушы тіркелді. Олардың біразы бүгінде елге келіп, өңірлердегі учаскелердің дайындығын, құжаттардың толықтығын тексеріп шықты. ТМД байқаушылар миссиясы басшысының айтуынша, референдум нәтижесі 7 қазан жарияланады.
Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:
Қазір өңірлерде жұмыс қызу жүріп жатыр. Жауапты мамандар өңірлерді аралап, дауыс беру барысын бақылайды. Әсіресе, табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар басты назарда тұр. Ондағы халықтың науқанға атсалысуы, учаскелердің дайындығы , халықаралық стандартқа сай өтуі қадағаланады.
Динара Жарқынбек