Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады

03.10.2024

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады. Ведомство басшысы өзі қатысқан Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессия жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысын ұсынды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен жүргізілген келіссөздер туралы жеткізді. Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.


Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу