Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған экспедиция аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған экспедиция аяқталды

03.10.2024

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедиция аяқталды.

Экспедиция аясында тарихшы-ғалымдар, археологтар дөңгелек үстел басына жиналды. Олар туристік бағыттарды дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сыр бойындағы Сығанақ, Жент, Жанкент сынды тарихи нысандарға кешенді зерттеу жүргізіп, оны туристік нысан ретінде дамыту жолдары ұсынылды.

Сондай-ақ, аталған шара барысында Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында Жошы Ұлысының тарихымен байланысты археологиялық, архитектуралық, мемориалдық нысандардың қазіргі жағдайына бақылау жүргізілді.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу