Британиялық сарапшылар алдағы 50-100 жылда әлем толығымен таза энергияға бет бұрады дейді. Осы тұрғыда ядролық энергетикаға көшудің маңызы зор деп отыр.
Саймон Маршалл – Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің өкілі. Штаб пәтері Лондонда орналасқан ұйыммен 100-ге жуық мемлекет жұмыс істейді. Конгрестің негізгі мақсаты энергетика саласының бүгіні мен болашағын талқылау үшін әлем сарапшыларының басын біріктіру. «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы да конгреспен қоян-қолтық жұмыс істейді. Маршалдың пікірінше, атом электр станциясын салудың пайдасы көп.
Саймон Маршалл, Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің сату бойынша директоры:
Әлбетте, АЭС құрылысы кезінде және пайдалануға берілгеннен кейін де жұмыс орындары ашылады. Таза және сенімді энергия көзі энергетикалық тәуелсіздікке жетелейді. Сырттан тасымалданатын қуат көздеріне деген қажеттілікті азайтады. Және ең бастысы - АЭС экологиялық таза энергия береді
Марина Бекенова