Өзбекстанда 600 қазақстандық азамат референдумда дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда 600 қазақстандық азамат референдумда дауыс береді

03.10.2024

Референдумда Өзбекстанда тұратын 600-дей қазақстандық азамат қатысады деген жоспар бар. Олар Ташкенттегі № 399 референдум учаскесіне келіп дауыс бере алады.

Көрші елде, уақытша тұрып жатқан, жұмыс істеп немесе білім алып жүрген жастар, қазақстандық туристер мен іссапарда жүрген азаматтар өз таңдауын жасайды. Өзбекстан астанасындағы Қазақстан елшілігі жанынан құрылған референдум учаскесінде, қазір дайындық жүріп жатыр. Екі дауыс беру кабинасы мен жәшіктер қойылған.

Бұл - шет мемлекеттердегі ең ірі сайлау учаскелерінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың таңдау жасауына да жағдай бар, ол үшін жылжымалы жәшіктерді жеткізетін топтар жасақталды. 

Жаслан Ысқақов, №399 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы: 

Мүгедектерге арналған тасымалы урналар бар. Өтініш түссе, соларды міндетті түрде апарамыз. Жоспарымыз бойынша біз санаторийлерге барамыз, сол жерде біздің азаматтарымыз дем алып жатыр, сол жерге апарамыз.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу