АЭС – қауіпсіз энергия көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС – қауіпсіз энергия көзі

02.10.2024

Елімізде халық саны көбейген сайын электр қуатына деген сұраныс арта бермек. «Ал АЭС құрылысы – энергетикалық тәуелсіздік кепілі», - дейді мамандар.

Ақтауда жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде, Атом электр станциясын салудың өзге де тиімді тұстары талқыланды. Олардың айтуынша, Қазақстан уран өндіруден әлемде 1-орында бола тұра, сырттан энергия сатып алады.

Жанат Өжекенова, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «энергетика және автоматтандыру» кафедрасының профессоры:

Біздің республикамыз уран өндіруде бірінші орында екені бәрімізге белгілі және уранның қоры бойынша дүниежүзінде екінші орында. Яғни бүкіл уранның қорын қараған кезде 13%-і біздің Қазақстан Республикасында. Енді неге сондай мүмкіндікті пайдаланбасқа? Егер Атом электр станциясы салынатын болса, біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізер едік.


Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу