Қызылорда қаласында 900 орындық жайлы мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласында 900 орындық жайлы мектеп ашылды

02.10.2024

Қызылорда қаласында алғашқы жайлы мектеп ашылды. Ұлттық жоба аясында биыл өңірде 10 білім ордасы бой көтеріп жатыр. ((КСМ)) Жаңа мектепті тұрғындар асыға күтті. Өйткені, бұл Сырдарияның сол жағалауында салынған алғашқы мемлекеттік білім ұйымы. Заманауи үлгідегі ғимаратта балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бүгінде барлық сыныптар оқушымен түгел толығып, балалар мәз-мейрам. 

Ибадулла Ербосанов, оқушы:

Жайлы мектепке көшіп келгеніме қуаныштымын. Себебі, жайлы мектептің өзге мектептермен салыстырғанда айырмашылығы пәндік кабинеттер, зертхеналар мен шеберханалар бәрі бірыңғай жаңартылған форматта жасақталған.

Сондай-ақ, қалада «Оқушылар сарайы» ел игілігіне берілді. Жаңа нысан демеушілер есебінен салынды. 350 орындық зәулім ғимаратта балалар үшін IT, робототехника кабинеттері, жас тілшілерге арналған телестудия, музыкалық және хореографиялық үйірмелер жұмыс істейді. Жалпы өскелең ұрпақтың білім көкжиегін дамытып, жан-жақты қарым-қабілетін ашуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Әділбек Серікұлы



Хабарламаларға жазылу