Алпауыт мұнай компаниялары жергілікті тауарларды сатып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алпауыт мұнай компаниялары жергілікті тауарларды сатып алады

02.10.2024

Еліміздегі «Қашаған», «Қарашығанақ» және «Теңіз» жобалары белсенді түрде кеңейіп келеді. Осыған байланысты алдағы уақытта қызмет көрсету мен құрылғылардың жоғары технологиялық түрлері қажет. Үш ірі мұнай жобасының операторлары бұрын қажетті технологияларды сырттан әкеліп жүрген еді. Алайда дүниежүзіндегі ахуалдың әсерінен біраз қиыншылық туындаған. Жолдың бағасы едәуір өскен, оның үстіне тауардың келетін уақыты да ұзарған. Сондықтан жергілікті тауар өндірушілерге басымдық берілмек. Қазірдің өзінде мұнай компаниялары отандық кәсіпорындармен бірқатар келісімшарттарды бекіткен.

Дастан Әбішев, «IMB Орталық» бас директорының міндетін атқарушы:

Бизнес пен операторлармен осындай бір келісімге келдік. Қазақстанда осы кен орындарының қасында зауыттар соғылуы керек. Оның көптеген жағымды жақтары бар. Зауыттың қасында болады, уақытты, қаражатты үнемдейміз. Болашақта осы зауыттардың барлығы біздің елімізде соғылады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу