АЭС – қауіпсіз энергия көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС – қауіпсіз энергия көзі

02.10.2024

Елімізде халық саны өскен сайын электр қуатына деген сұраныс арта бермек. Ал АЭС құрылысы – энергетикалық тәуелсіздік кепілі, - дейді мамандар. Ақтауда жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында атом электр станциясын салудың өзге де тиімді тұстары талқыланды. Олардың айтуынша, Қазақстан уран өндіруден әлемде 1-ші орында бола тұра сырттан энергия сатып алады.

Жанат Өжекенова, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры:

Біздің республикамыз уран өндіруде бәрімізге белгілі бірінші орында екені және уранның қоры бойынша дүниежүзінде екінші орында. Яғни бүкіл уранның қорын қараған кезде 13%-і біздің Қазақстан Республикасында болып табылады. Енді неге сондай мүмкіндікті пайдаланбасқа? Егер атом электр станциясы салынатын болса, біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізер едік.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу