Жетісу облысы, Алакөл ауданының белсенділері атом электр станциясының құрылысын қолдайды. Партия мүшелері, қоғамдық және ардагелер кеңестерінің өкілдері мен жастар дөңгелек үстелде бас қосып, еліміздің атом энергетикасына көшудің маңыздылығын талқылады.
Көзі ашық, көкірегі ояу жастар демократиялық жолмен референдум өткізіп, барша қазақстандықтардың ортақ пікірін тыңдау да қажет, дейді. Атомдық энергия, бірінші кезекте, инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындар салуда электр қуаты тапшылығын жойып, ел экономикасын еңселі етуге бастайтын нық қадам деген пікірде.
Алмат Есенбеков, «Алакөл» газетінің бас редакторы:
Бұл АЭС тек қуат беру негізі ғана емес. Бұл білімнің, ғылымның, медицинаның, өнеркәсіптің, жеке кәсіпкерліктің дамуының бастаушы бір құралы. Неліктен Қазақстан аумағына инвестиция көптеп тартылмайды. Себебі бізде қуат көздері жеткіліксіз.
Қуаныш Қанатұлы