Бүгін Қызылордада Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Өткен ғасырдың 20-30-жылдары Алаш қозғалысының екі толқыны кеңестік саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Бірақ, озбыр-өктемшіл жүйе олардың ұлт руханияты тұрғысындағы идеясын жоя алмады.
Ешқандай кедергі-тосқауылға қарамастан, Алашшылардың үшінші және онан кейінгі толқыны қалыптасты. Алаш идеясы – қазақтың мемлекеттік, ұлттық идеясы.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ