Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Қарттар күні халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Бұл күн 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Айта өтейік, елімізде 100 жастан асқан 423 қария бар. Ең көп өмір сүретіндер Түркістанда тұрады.
Онда 100 жастан асқан 64 адам бар. Екінші орында Алматы қаласы. Мұнда ғасыр жасаған 48 тұрғын тіркелген. Үшінші орынға жайғасқан Алматы облысында 100 жастан асқан 38 адам тұрады. Ал жасы ең үлкен қария Ұлытау облысында. Кейуана биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Қарттарымызды бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен құттықтаймыз!
Армангүл Тоқтамұрат