Қазақстандықтардың табысы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың табысы артып келеді

30.09.2024

Несиемен қоса, қазақстандықтардың табысы да артып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде номиналды жалақы бір жылда 12 пайызға өскен. Қазір ең жоғары айлықты Атырау облысының тұрғындары алады. Мұнда орташа табыс - 383 мың теңге. Одан кейін Алматы қаласында 297 мың, Маңғыстау облысында 278 мың теңге. Ал ең төменгі жалақыны Түркістан облысының тұрғындары алады. Мұнда орташа еңбекақы 119 мың теңге шамасында.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу