АЭС – энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС – энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі

30.09.2024

Талдықорғанда өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Қазақстанда Атом электр станциясын салу туралы ойларын жеткізді. Дөңгелек үстелде азаматтық қоғам белсенділері пікір алмасып, атом энергетикасының маңыздылығын талқылады. Қауіпсіз әрі таза энергия көзі уақыт талабы. Сондықтан Атом электр станциясын салу арқылы еліміз энергетикалық тәуелсіздікке ие болады. Алдағы референдумда халық Мемлекет болашағы үшін маңызды қадам жасап, белсенді болу керек дейді, басқосуға жиналғандар.

Дәния Қыдырбаева, Жетісу облыстық азаматтық альянс президенті:

Біз мына үкіметтік емес ұйым деген халықпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан біздің де пікіріміз маңызды.


Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу