Кесте тігу өнерімен ер адамдар да айналысады. Солардың бірі Павлодар облысы, Железинка ауданының тұрғыны Олег Калюжный. Ол – запастағы майор. Қармақ бізді еңбек демалысына шыққаннан кейін қолға алыпты. Бүгінде шебердің жеке коллекциясында 70-тен аса туынды бар.
Ол жай ғана ою-өрнек емес, түрлі жануарлар мен заттардың бейнесін кестеге түсіреді. Алдағы уақытта өз қолымен дайындаған бұйымдарын жеке көрмеге шығаруды жоспарлап отыр.
Болат АМАНБАЕВ