Суицид. Бұл проблеманы қалай талқылауымыз керек? Вертер эффектісі, синдромы деген бар – егер суицид жайлы көп жариялай берсең, түңіліп жүрген адамдар түнекке сүңги береді деген пайым.
Бір жағынан, мәселе бар және өткір. Екінші жағынан, айғайлаған шапка астында адамды одан сайын түңілдіретін, жүрек шайлығатын фактілер ғана тұрғаннан не пайда?Сонда не айтып, қалай жазуымыз керек? Құрғақ статистика мен нотацияның орнына нақты қандай инструменттер ұсына аламыз? Жан-жақты қарастырып талдап бере алатын маман тапшы екенін көріп отырмыз.
Интернет айдынындағы контенттерден деп шорт кесіп жатқанымыз да содан. Иә, олардың әсері, ықпалы бар. Бірақ қалай ойлайсыз, баланың тамағы тоқ, көйлегі көк болуын ғана ойлайтын, қолы қалт етсе интернеттің «қоқыс полигоны» жағында жүретін ата-ана қанша екен?
Мойындамаймыз ғой. Жан азығы, рухани әлем деген тамақ емес. Бірақ оның «аштығы» да нәубет. Баланың «Неге?» деген сұрақ қоя беретін балдырған кезеңі аяқталғасын бала бәрін түсінетін адамға айналмайды. Ал біз диалогты мүлдем тоқтатып тастаймыз. Проблема осы жерден басталатын сияқты.
Тақырыпты Елдос Есенбол тарқатады.