Армияда ғана емес, мектепте де әлімжеттік оқиғасы көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армияда ғана емес, мектепте де әлімжеттік оқиғасы көбейіп барады

29.09.2024

«Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Е.Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды...» деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәли Фейсбуктегі парағында. Кейін сарбазды ұрғандардың ұсталғаны хабарланды.

Соңғы кезде күш көрсету, ұрып-соғу туралы жиі еститін болдық па, қалай өзі? Армияда, күштік құрылымдарда ғана емес, мектептерде де қатыгездікке толы оқиғалар. Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында 15-ке қазан айында толатын жасөспірімнің жаңа оқу жылы басталған күні жоғары сынып оқушыларының қолынан қаза тапқанын айттық,

Ал маусым айының соңында Қызылорда облысы Кеңес ауылында 15 жастағы жасөспірімді жиырмадан асып кеткен дардай біреулер өлтіріп кеткен. Оны жақында естідік... Әлгілер мектеп оқушыларын ауыл шетіне шығарып құм толтырған қапшық сияқты төмпештеген. Әкесі баласының өліміне бір-ақ адам кінәлі дегенге сенбейді.

Сыбайластары куәгерге айналып кеткен деп отыр. Абул-Әзиз спортпен айналысқан алпамсадай жасөспірім екен. Өмірі қиылды да қалды.

Меншікті тілші Әділбек Серікұлы оқиғаны зерттеп көрді. Материалында көктемде болған тағы бір әлімжеттік оқиғасынан кейін қаза тапқан баланың анасын да сөйлетеді.


Хабарламаларға жазылу