АЭС қалай жұмыс істейді? Бұл жолы осы сұраққа жауап іздеуге талпындық. Өте қарапайым қайырсақ, бір технологиясы мынадай: АЭС-тің жүрегі саналатын ядролық реакторда атом ядросы ыдырайды.
Отын ретінде негізінен байытылған уран пайдаланылады. Атом ядросы майда бөлшектерге ыдырағанда көп жылу бөледі. Сол жылумен су қайнатылады. Ол буға айналады. Бу турбиналарды айналдырады, ал турбиналар электр энергиясын өндіреді. Бұдан да қысқа тұжырымдасақ: АЭС ядролық энергияны жылу энергиясына, жылу энергиясын мехнаикалық энергияға, ал механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады.
Раушан Сайлауқызы мамандардан интервью алып, ғылыми-көпшілік материалдар оқып, өзі материал дайындады.