Президенттің Түркістан облысына сапары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Түркістан облысына сапары

29.09.2024

Мемлекет Басшысы тұтас түркі жұртының төрі саналатын Түркістанға сапарын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етуден бастады. 

Түркістан облысы алты жыл бұрын ғана жеке аймақ ретінде айқындалды. Көне шаһар аз уақытта адам танымастай өзгерді. Қаланың архитиктуралық ерекшелігі заңмен бекітілмек. Құжат қазір парламент қарауында. Облыс орталығы мәртебесі берілгелі қала тұрғындарының саны да жылдам өсіпкеледі. Бала саны да басқа облыстарға қарағанда әлдеқайда көп. Облыс бойынша 500 мыңнан астам оқушы бар. Яғни елдегі әрбір жетінші жеткіншек осы өңірде. Сондықтан мектеп күнтәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. 

Бүгінде Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 14 мың оқушыға арналған 29 мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар жемқорлардан тәркіленген қаржыға өңірде 20 білім беру нысаны бой көтереді. Оның 13-і биыл пайдалануға берілмек. Жыл соңына дейін облыстағы апатты 4 және үшауысымды 5 мектептің мәселесі толығымен шешіледі.

Жаңадан ашылған мектептердің бірі облыстық білім инновация лицейі. Күнделікті сабақ қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде өтеді. Мемлекет басшысы білім ошағында бірнеше үйірмені, спорт залын аралап, балалармен тілдесті. 


Президент Қ.Тоқаевтың Түркістан облысына сапарын Оңғар Алпысбайұлы тарқатып баяндап береді.

Хабарламаларға жазылу