Өзбекстанда мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі

28.09.2024

Өзбекстан 1 қазаннан бастап мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесін енгізбек.

Жаңашылдық алдымен Ташкент пен Сырдария облыстарында, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарақалпақстанда жүзеге асады.

Ал 2026 жылдың соңына қарай, басқа аймақтарға енгізілмек. Жыл соңына дейін «Электрондық емхана» және «Электрондық аурухана» ақпараттық жүйелері толықтай іске қосылады. Сақтандыру шеңберінде ем-дом шаралары мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу