Отандық өнім көлемі артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнім көлемі артып келеді

27.09.2024

Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен Абай облысында болды. Іс-сапар аясында зауыт ұжымымен кездесу өткізіп, кәсіпорын жұмысымен танысты. Қазақстандағы отандық ауыл шаруашылығы және коммерциялық техникаларды құрастырушы зауытта 400-ден аса адам еңбек етеді. Қазіргі уақытта зауыт отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай үлес қосып отыр.

Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты:

Алып келіп, дөңгелектерін бұрап қойып құрастырып жатыр ма әлде өзіміздің отанымыздан шығатын құрал-жабдықтарды пайдаланып жатыр ма? Соған міне өзіміздің көзіміз жетті. Осындағы шығып жатқан техника трактор болсын үлкен автомобильдер болсын 30-35 пайыз локализацияға жеткізген екен.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу