Футзал: Қазақстан ширек финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзал: Қазақстан ширек финалда

27.09.2024

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ұлттық құрама 1/8 финалда Португалияны 1:2 есебімен жеңіп, әлемдік доданың ширек финалына жолдама алды.

Тартысқа толы кездесудің 11-минутында-ақ Шыңғыс Есенаманов қарсыластардың қақпасына гол салды. Кейін португалиялықтар есепті теңестіргенімен, Дәурен Тұрсағұлов ұлттық құраманы қайта алға шығарды. Есеп 1:2. Бұған дейін Қазақстан осы жарыстың топтық кезеңінде Испания, Ливия, Жаңа Зеландия құрамаларымен кездескен еді. Енді ширек финалда Аргентина - Хорватия командалары арасындағы ойын жеңімпазымен бақ сынасады.

Ерсін Ерік, Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу