Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына барды. Жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетімен танысты. Ақтау, Құрық теңіз порттарында болып, Кендірлі курорттық аймағын дамыту перспективаларын пысықтады. Жаңаөзенге барып, атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты.
Жаңаөзенде 1200 орындық білім ордасы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Келесі жылы тағы екі жайлы мектептің құрылысы көзделген. Сонымен қатар Оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Кендірлі курорттық аймағы – Маңғыстау облысының танымал орындардың бірі. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен Үкімет басшысы танысты.
Жолдауда жүктелген міндеттер шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды
Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Премьер-Министр Ақтау теңіз сауда портына да барды. Нысан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу жұмыстарын ширату тапсырылды
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты, «Каспий» су тұщыту зауыты және «ҚазАзот» кәсіпорнына барып, инфрақұрылымдық проблемаларды шешу және экономикаға жеке инвестиция тарту мәселелерімен танысты.
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында тиісті тапсырмалар берген болатын. Ақтауда Премьер-Министр «қауіпті қызыл аймақтағы» 19 энергия көзінің тізіміне енген МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады. Сонымен қатар осы бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Самал Қабышева