Ядролық энергетика – энергетикалық қауіпсіздік. Осылай деген бір топ ғалым Алматыда бейбіт атомды пайдаланудың артықшылықтарын талқылады. Сарапшылардың сөзінше, АЭС энергетикалық қауіпсіздіктен арылып, климаттың өзгеруіне қарсы күресте оң нәтиже береді. Осы саланың мамандары жиында реакторлардың алуан түрлері мен олардың ерекшеліктеріне тоқталды. Атом электр станцияларын салу технологиялары да сөз болды. АЭС салынған жағдайда қажетті мамандарды өзімізде дайындау мәселесі де шарада көтерілді. Оқытушылар қажеттілік болған жағдайда Қазақстанда кадр даярлайтын бірнеше оқу орны барын айтады.
Медеу Әбішев, физика-математика ғылымдарының докторы:
Біз енді өзіміздің қажеттілік үшін ядролық инженерия деген мамандық аштық. Олар керекті орталықтарда реактормен жұмыс істейді. Бірақ ол жерлерге инженерлік тұрғыдан мамандар керек деп сол бағытта ашып жатырмыз. АЭС керек болатын болса оны арттыруға шамамыз жетеді.
Қуан Нұрақын