Сырдарияға суды есептейтін жүйе орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдарияға суды есептейтін жүйе орнатылады

25.09.2024

Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзеніндегі суды автоматты түрде есепке алатын жүйе орнатпақ. Дария жағасындағы белгіленген аумақтарда он бекет жұмыс істейтін болады. Құрылғыларды орнату мәселесін қос мемлекеттің Су шаруашылығы министрлері талқылады. Сондай-ақ келесі жылғы суару маусымында Нарын-Сырдария су қоймаларын бірлесе пайдалану жайы да қарастырылған. Жалпы Ташкент пен Астананың тіршілік нәрін пайдалануға қатысты мәселелерді шешуде көзқарасы ортақ дейді тараптар. Аралды құтқару, Әмудария мен Сырдарияның экожүйесін сақтау және тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар кешенді жұмыс қолға алынған. Бұл өзекті мәселе көктемде Үкімет басшысының Ташкентке сапары кезінде пысықталған еді.

Шавкат Хамроев, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі:

Су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жасалған келіссөздер сәтті жүзеге асып жатыр деп айта аламыз. Алдағы вегетациялық кезеңде судан тапшылық болмас үшін жұмысты одан әрі ширата түсуіміз керек.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу