АЭС- электр энергиясын өндірудің ең тиімді жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС- электр энергиясын өндірудің ең тиімді жолы

25.09.2024

Сенат депутаттары Шымкентте БАҚ өкілдерімен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Халық қалаулылары Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру жайын сөз етті. Сондай ақ басқосуда АЭС салудың тиімді тұстарына да тоқталды. Олардың айтуынша, уранды бейбіт мақсатта пайдалану энергетикалық тығырықтан шығудың төте жолы. Бүгінгі таңда Қазақстан тұтынатын электр энергиясының 66 пайызын көмір жағу арқылы өндіріп келеді. Қатты отынды мейілінше көп пайдаланудың экологиялық зардабы бары жасырын емес. Яғни әлемедегі АЭС-тер 1 тәулікте өндіретін қуатты елімізде вагон көмір жағу арқылы алып отырмыз. Ол қара күш пен қыруар шығын. Энергетика саласында жаңашылдық осы қиындықты жеңілдетуге жол ашады, - деді депутаттар.

Нұрлан Бекназараов, Сенат депутаты:

Біздегі 222 жылу электр станциясының 70-ке жуығының тозығы жеткен. Яғни ол 100 пайыздық өз күшін қуаттылығын бере алмайды. Оны жөндеу апаттық жағдайға алып келеді. Аз электр алып, көп қаржы жұмсау керек немес оны қайта жөндеу керек, ол үлкен қаржыны талап етеді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу