Жыл соңына дейін елімізде жаңа Су кодексі қабылданады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі айтты.
Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
Жаңа Су кодексі қазіргі таңда Мәжілісте қаралуда. Осы жылдың аяғына дейін қабылдауды жоспарға қойып отырмыз. Одан бөлек иесіз қалған су шаруашылық нысандар мемлекеттік меншікке қабылданды.
Вице-министр 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлады. Тұжырымдамада 42 жаңа су қоймасын салу, тағы 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл 2 млрд текше метр суды жинауға мүмкіндік береді.
Аида Ахметбек