Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды

25.09.2024

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды. Енді нысан қауіпсіздігін Ішкі істер органы, яғни жергілікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Онда кесененің маңыздылығы мен тарихи-мәдени құндылығын ескеріп, осындай шешім қабылданы жазылған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы тарихи нысан. Кесене сегіз бөлмеден тұрады. Мұражай-қорық аумағында мешіт, Үлкен және Кіші Ақсарай залдары, кітапхана және шаруашылық кешені бар.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу