Елімізде жылына 600 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылына 600 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

24.09.2024

Әр екі күн сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Ауырсыну белгілері еленбейтін бұл дерт жылына 600 қыз-келіншектің өмірін қияды. Науқастардың 15 пайызы ауруы асқынғанда ғана дәрігерлерге жүгінеді. Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл кесел адам папилломасы вирусынан туындайтынын айтады. Қазір еліміздің 9 өңірінде 11-13 жастағы қыздарды вакциналау жүріп жатыр. Мамандар екпенің кері әсері жоқ, бала босануына кедергі келтірмейді деп отыр.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы:

Тоғыз өңірде вакцина жүріп жатыр. Оның ішінде қауырт жүріп жатқаны Қарағанды облысы. 1694 қыз бала егілсе, оның 1536-ы қарағандылықтар. Ақмолада 55, Павлодар – 13 , БҚО – 20 қыз бала вакцинадан өтті. Жетісуда 16.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу