Түркияның батысындағы Трабзон қаласында жаңбыр соңы селге ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның батысындағы Трабзон қаласында жаңбыр соңы селге ұласты

24.09.2024

Түркияның батысындағы Трабзон қаласында нөсер жаңбырдың соңы селге айналып, ғимараттар су астында қалды. Қалалық аурухананың бірінші қабатын су басып, науқастар қауіпсіз жерге көшірілген. Ауруханадағы көптеген құрылғылар су тиіп жанып кеткен. Көлге айналған қала көшелерінде көлік қатынасы да қиындады. Таулы аймақтағы кей жерлерде лай көшкіні де болды. Дегенмен табиғи апаттан қайтыс болған немесе жараланғандар жоқ. Су тасқыны кезінде жақындары көз жазып қалған 65 жастағы бір қария іздестіріліп жатыр. Төменгі қабаттарда орналасқан көптеген жұмыс орындары мен дүкендер де су астында қалды. Оларды тұрғындар өз күштерімен тазалап жатыр.

Байрам, жергілікті тұрғын:

Жаңбыр құйып тұрған еді, бір сәтте сел болып кетті. Дүкенге кірген суға ие бола алмай қалдық. Әйтеуір өзімізге ештеңе болмады, бірақ заттарымыз су астында қалды.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу