Құны 1 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Қостанай облысы Бас прокуратурасы 15 гектар жердің конкурстық рәсімнен өтпей заңсыз берілгенін анықтады. Ал мың гектардан астам телім пайдаланылмай бос жатқан. Бұл учаскелер 290 млн теңгеге бағаланды. Одан бөлек, Ақтау қаласында заңнаманы сақтамаған 36 гектар жер мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылды. Оның құны 646 миллион теңге.
Айя Мүтәлі