Мемлекет басшысы Сауд халқын Ұлттық мейрамымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сауд халқын Ұлттық мейрамымен құттықтады

23.09.2024

Мемлекет басшысы Сауд халқын Ұлттық мейрамымен құттықтап, жеделхат жолдады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды. Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу