Түркия елінің мәдени онкүндігі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия елінің мәдени онкүндігі өтіп жатыр

16.03.2017

Алматыда «Түркия елінің мәдени күндері» атты онкүндік шара өтіп жатыр. Тұтқалы жиында түбі бір бауырлас қос елдің дипломатиялық әрі білім беру саласындағы ширек ғасырлық байланысы сөз болды.

Алқалы басқосуға арнайы шақырылған белді ғалымдар түркі халқының байырғы тарихы мен мәдениетін қайта жаңғырту жолддрын талқылап, кеңесті. Ал, студенттер түріктің танымал ақындары жазған жыр жолдарын оқыды. Сондай-ақ, жастар екі мемлекеттің мәдениеті мен руханиятына ортақ Қорқыттың тағылымды шығармаларын жетік білетіндіктерін аңғартты.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу