Сарапшы: АЭС – энергия өндірудің тұрақты көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: АЭС – энергия өндірудің тұрақты көзі

23.09.2024

АЭС- энергиямен тұрақты қамтамасыз етеді. Әзірге, оған балама көздері жоқ, дейді физика-математика ғылымдарының докторы Насурлла Бөртебаев. Сарапшы атом электр стансасы жаңа технологияларды өзіне біріктіріп, еліміздің экономикасын жоғары деңгейге көтереді, дейді. Сондай-ақ, Қазақстанда ядро-физика бағытында білікті мамандар пайда болады деп отыр.

Насурлла Бөртебаев, Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:

Күн электр стансалары болсын, жел электр стансалары болсын олар тұрақсыз істейді. Мысалы, атом электр стансасының пайдалану коэффициенті – 90%. Ал күндікін алатын болсақ- 18%, оның пайдалану коэффициенті 4 есе кем. Енді желдікі - 50%, ол да қалай болғанда да атом электр стансасының пайдалану коэффициентінен төмен.


Хабарламаларға жазылу